Образование
05.10.2026
Посещение "Altyn Urpaq"
Еңбек күнін мерекелеу аясында 24 қыркүйекте аудандық балалар кітапханасының кітапханашысы БКШЯС-тың 6-сынып оқушыларымен бірге Altyn Urpaq орталығына барды.
Кездесудің мақсаты – жасөспірімдерді қызықты адамдармен, олардың мамандықтарымен, өмірлік тәжірибесі және жетістіктерімен таныстыру; қатысушылардың ой-өрісін кеңейту, қарым-қатынас жасауға, жаңа нәрселерді білуге деген қызығушылығын арттыру, өзін-өзі дамытуға, кітап оқуға және болашақ кәсіби жолын таңдауға ынталандыру.
Кездесу еркін әрі ашық диалог форматында өтті. Балалар кітапханашымен бірге Пистун Елена Бичиковнаға және Карабаева Нурсауле Куандиковнаға олардың мамандықтары туралы көптеген сұрақтар қойды. Олар бұл мамандықты қалай таңдағандары, осы салада жұмыс істеу үшін қандай білім мен дағдылар қажет екені, мамандардың қандай қиындықтарға кездесетіні және өздерін дамытуға, алға қойған мақсаттарына жетуге не көмектесетіні туралы сұрады. Сонымен қатар, балалар олардың неліктен дәл осы мамандықты таңдағанына, жұмыстарының қандай қырлары ұнайтынына және бұл мамандық қандай мүмкіндіктер беретініне қызығушылық танытты.
Одан әрі Altyn Urpaq орталығының қызметкерлері балаларды өздерінің практикалық жұмыстарымен таныстырды. Олар күнделікті немен айналысатынын көрсетіп, өз еңбектерінің нәтижелерімен таныстырды және қол жеткізген жетістіктері туралы айтып берді.
Кездесу қызықты әрі танымды өтті. Жасөспірімдер өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алып қана қоймай, мамандықтың қыр-сырын жақынырақ көріп, мамандардың нақты тәжірибесімен танысты. Сонымен қатар, әрбір кәсіби жетістіктің артында білім, еңбек, өз ісіне деген қызығушылық және үнемі даму қажеттілігі тұрғанын түсінді.
Осындай кездесулер оқушылардың мамандықтар әлемі туралы түсініктерін кеңейтуге, жаңа қызығушылықтар табуға және өздерінің болашақ кәсіби жолы туралы ойлануына мүмкіндік береді.
В рамках празднования Дня труда, 24 сентября библиотекарь районной детской библиотеки с учащимися 6 класса БКШЯС посетили Altyn Urpaq с целью познакомить подростков с интересными людьми, их профессиями, жизненным опытом и достижениями; расширить кругозор участников, развить интерес к общению, познанию нового и мотивировать к саморазвитию, чтению и выбору будущего профессионального пути.
Встреча прошла в формате живого диалога. Ребята вместе с библиотекарем активно задавали вопросы Пистун Елене Бичиковне и Карабаевой Нурсауле Куандиковне об их профессиях, о том как они пришли к своей работе, какие знания и навыки необходимы в их деятельности, с какими трудностями сталкиваются специалисты и что помогает им развиваться и достигать поставленных целей, так же ребята интересовались, почему они выбрали именно эту профессию, что им нравится в работе и какие возможности она открывает.
А далее сотрудники Altyn Urpaq познакомили ребят со своей практической деятельностью. Они показали, чем занимаются, продемонстрировали результаты своей работы и рассказали о достигнутых успехах.
Встреча получилась познавательной и увлекательной. Подростки смогли не только получить ответы на интересующие их вопросы, но и увидеть профессию изнутри, узнать о рольном опыте специалистов и понять, что за каждым профессиональным достижением стоят знания, труд, интерес к своему делу и постоянное развитие.
Такие встречи помогают школьникам расширять представления о мире профессий, находить новые интересы и задумываться о том, каким может быть их собственный путь к успеху.





